Қуанышты хабарды продюсер Ерлан Бұхарбаев жариялады.
Белгілі қазақстандық актер Жан Байжанбаев “Парасат” орденімен марапатталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қуанышты хабарды продюсер Ерлан Бұхарбаев әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, өнер иесін құттықтады.
“Мемлекет тарапынан мәдениет пен өнер саласындағы елеулі еңбегі, сондай-ақ елдің рухани және зиялық әлеуетін дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін сүйікті әрі халық әртісі, театр және кино әртісі Жан Байжанбаевқа “Парасат” орденінің табысталуымен құттықтаймыз. Жан, Сізбен мақтанамыз және шығармашылық жолда жаңа жеңістер тілейміз”, – деп жазған ол.