01.12.2025, 12:40

«5 жыл жалдамалы пәтерде тұрдық»: Қайрат Нұртастың әйелі жаңа пәтерге көшті (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

"Әр қиындықтың артында бір жақсылығы болады екен". 

Танымал әнші Қайрат Нұртастың әйелі, продюсер өзінің алған су жаңа пәтерінің жөндеу жұмыстары аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

"5 жыл жалдамалы пәтерде тұрдық. Оның 2 жылы жаңа үйге көшеміз деген үмітпен өтті. Қалған 3 жыл "енді не істеймін, қайда барамын, қалай болмақ" деген уайыммен өтті. Аллаға шүкір. Әр қиындықтың артында бір жақсылығы болады екен. Өзіміздің жаңа үйімізге көштік. Сіздерге ақшалай шашуымды шашамын", - деді ол.

Алайда желі қолданушылары Қайрат Нұртастың балаларын жалдамалы пәтер жағалатып қойғанына таң қалды.

"Масқара, легенданың баллары жалдама пәтерде тұрған ба", "Не жетпейді сонда білдей бай емес пе? Жалдамалы пәтері несі?,", 4 баласын пәтерде қаңғытып өзі шалқып жүр ме сонда", "Бұл түк көрмеген надандардың әрекеті деп ойлаймын", - деп жазды оқырмандар.