"Әке болсаң машина, пәтер бізден" деп айтқан көке, жәкелер бар еді".
Танымал әзілкеш, блогер Елдос Колобок 9 жылдан кейін сәбилі болған еді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол әке болғаннан кейінгі өмірімен журналист Аман Тасығанның сұхбатында бөлісті.
Блогер кейбір таныстарына ренішін білдірді.
"Мен кезінде айтатынмын достарыма көрімдік тек доллармен беріледі дейтінмін. "Болды, болды" деді. Мен оны ұмытып кеткенмін. Сөйтсем шынымен доллармен беріп тұр 100,200 доллардан. Кезінде "әке болсаң машина, пәтер бізден" деп айтқан көке, жәкелер бар еді. "Құтты болсын" деп те жазған жоқ қой. Бәлкім мотивация болсын деді ме. Ешқашан болмайды деп ойлады-ау. Whatsapp-та ашылмаған чаттарым әлі көп. Мүмкін солардың арасында тұрған шығар, білмеймін. Керісінше, күтпеген құттықтаулар көп болды. Кезінде арамызда реніш болып, араласпай кеткен жолдастар хабарласқанда ішің жылып қалады екен", - деді блогер.
Алайда Елдостың бұл мәлімдемесі көпке жақпай қалды.
"Сенің балалы болғаның міндет қой", "Сенде Мөлдірдін ар жақ бер жақ екенсің", "Құтты болсын күтетін әже ме едің?", "Сен де қақсап қоймадыңғой, біреуге өкпелейтін заман емес және міндетті емес", "Қатын әңгіме", "Жаңа ғой туылғаны. Не болды соншама?", - деп жазды желі қолданушылары.