$ 516.86  598.68  6.58

«Кө*іңді қысып қара балаға дедім»: Елдос «Колобок» сәбилі болудың қиындығын айтты (ФОТО)

Сөзінше, баланы әйелімен кезектесіп бағып жүр.

Фото: eldos_kalabok парақшасынан
Фото: eldos_kalabok парақшасынан

9 жылдан кейін балалы болған блогер Елдос "Колобок" ата-ана болудың қиындығын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Сөзінше, баланы әйелімен кезектесіп бағып жүр.

"Келіншегіме бала туып берші әры қарай өзім қараймын, тек емізіп бер болды дегенмін кезінде… Қазір кезектесіп қараймыз балаға күндіз де түнде де. Өз кезегімде шаршап маңырап қалатыным ше. Содан кейін өзіме ұрсып қоямын ғой “осы күнді аңсадың ғой, кө*іңді қысып қара балаға” деп. Бала туып, оны бағып қарап, түн ұйқысын төрт бөлетін аналарға шексіз алғыс. Мықты екенсіздер. Айтпақшы сарын қалай тез емдеп жатырсыздар? Лампаға жатқызып жатырмыз, дәрігер қарап кетіп жүр, күніне екі рет холудексан беріп жүрміз", - деді Елдос "Колобок". 

Блогердің оқырмандары осы тұста түрлі пікір айтты.

"Күнге жатқыз терезенің алдына, кетеді уайымдамаңдар, бәрінде болады. Жөндеп қараңдар балаға", "Қара, қара. Таңшолпан демалсын", "Ұзағынан болсын", деп жазды жанашырлары. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#блогер #Елдос