Нұртас Айдарбеков желідегі парақшасына ас үйде жүрген видеосын жүктеді.
Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков келіндеріне ас дайындап көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Нұртас Айдарбеков желідегі парақшасына ас үйде жүрген видеосын жүктеді.
"Бүгін келінім дәрігерге қаралып келемін деген соң, деңсаулығы мықты немерелер әкеле ме деген оймен, тамақ дайындап, жатқаным ғой, ағайын", - деп жазды жұлдыздың әкесі.
Желі қолданушылары Айдарбековтің бұл әрекетіне түрлі пікір жазып, баға берді.
"Қыздарыма осындай қайын ата бұйырсын", "Көке, асхананы қойып сахнаға шықсаңызшы кәсіби түрде! Дауысыңыз ерекше ғой! Әнді нақышына келтіріп айтасыз!", "Дым істемейтін енелерге қарағанда пысық екенсіз", "Келіннің де, немеренің де жағдайын жасап отыр", деді олар.