26.11.2025, 13:00

Сәкен Майғазиевтің отбасы тағы да елді таңқалдырды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Инстаграмда жарияланған бейнежазбада жас жұбайлардың Әдияның әпкесінің ұзату тойына барған сәті көрсетілген.

Әлеуметтік желіде танымал әнші, Қазақстан эстрадасының белгілі өкілі Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет пен келіні Әдияның жаңа видеосы кең тарап, көптің талқысын тудырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Инстаграмда жарияланған бейнежазбада жас жұбайлардың Әдияның әпкесінің ұзату тойына барған сәті көрсетілген.

Видео авторы олардың жарасымына тәнті болып:

«Еліктің лағындай сүп-сүйкімді жұп, қарап көз тояр емес» деп жылы пікір қалдырған. Осы жазба астында өзге желі қолданушылары да жұптың әдемілігін, бір-біріне деген сыйластығын ерекше атап өтіп, тәтті жұп екенін жарыса жазуда.

Жас жұбайлар бұған дейін де бірнеше рет желіге жүктелген видеоларымен елді сүйсіндіріп, көптің жылы ықыласына ие болған болатын.