23.11.2025, 17:30

Ерке Есмахан мен Raim қуанышты жаңалықтармен бөлісті

Фото: instagram.com/erke_esmahan

Ерке Есмахан бұл қуанышты сәтті Instagram парақшасында бөлісті. 

Танымал жұп Райм мен Ерке Есмахан ұлдары Исламның туған күнін атап өтіп, желіге жылы кадрларын жариялады деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ерке Есмахан бұл қуанышты сәтті Instagram парақшасында бөлісіп, баласының өскеніне деген аналық қуанышын жасырмады.

Әншінің айтуынша, биыл олар туған күнді үй жағдайында, ең жақын адамдармен ғана атап өтуді жөн көрген.

“Бастысы баланың көңілі көтеріңкі болып, жанында жақсы көретін жандары болса жеткілікті”, — деп жазды Ерке.

Видео мен фотоларда кішкентай Исламның ата-әжесі, кіндік мамасы, нағашылары және тіпті күтушілерінің (няняларының) сыйлықтарын қуана ашып, таңғалып, мәз болып ойнап жүрген сәттері көрінеді. Жұптың жанкүйерлері сәбиге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілеп, жылы лебіздерін қарша боратып жатыр.

Көпшілік Ерке мен Раймның отбасылық құндылыққа мән беріп, балаларының қуанышын қарапайым ортада атап өткеніне тәнті болғанын да жазуда.