22.11.2025, 16:30

«Абайұлы ма, Абайқызы ма?»: Желіде әншінің отбасына қатысты жаңалық тарады (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Фариза Instagram парақшасына жүктеген видеода болашақ сәбидің УДЗ қорытындысын көрсетеді.

Танымал әнші Абай Бегейдің жұбайы Фариза Жұманова әлеуметтік желідегі оқырмандарына ерекше жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Фариза Instagram парақшасына жүктеген видеода болашақ сәбидің УДЗ қорытындысын көрсетеді. Жазба астына ол «+1 Абайұлы немесе Абайқызы» деп қалдырып, көпшілікке қызықты жұмбақ тастады.

Бейнероликте Абай Бегейдің жарына гүл мен жаңа телефон тарту еткен сәті де бар. Әншінің осындай қамқорлығы желі қолданушыларын сүйсіндіріп, олар жас отбасына ақ тілектерін жаудырып жатыр.