$ 518.66  597.44  6.56

«Хиджабын шешпекші»: Айдана Меденова өзіне қатысты тараған қауесетке жауап берді

Айдананың бұл посты желі қолданушыларын күлдіріп, пікірталасқа себеп болды.

Фото: aidanamedenova_officialpage
Фото: aidanamedenova_officialpage

Желіде әнші Айдана Меденованың хейтерлерге арналған ерекше жазбасы талқыланып жатыр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнерге оралатынын айтқан ол өзін сынғандарға үн қатты. 

«Барлық хейтерлерім, өтінемін, осы посттың астына жиналыңыздар. Маған бәріңіздің бір жерде тұрғандарыңыз керек – ары қарай не істейтінімізді айтамын», – деп әзіл аралас мәлімдеді.

Сонымен қатар ол өзіне қатысты тараған қауесеттерді жоққа шығарып, хижабын шешпейтінін нақты айтты.

«Иә, хижабты шешпеймін. Қай жерге не жазып қойған болсаңдар, фантазияларыңды түзеп,  ақпараттарыңызды жаңартып алыңдар», – деп тоқ етіп жазды әнші.

Айдананың бұл посты желі қолданушыларын күлдіріп, пікірталасқа себеп болды.

"Өзіңізге көп алмаңызшы", "Сіздің хиджабты шешкеніңіз, кигеніңіз бізге қызық емес", "Айдана, барлығының түкіргені бар", "Білгеніңді істеші", деді олар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 10
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары