$ 518.19  597.32  6.43

«Келесі жылы»: Әнші Ақбота Керімбекова қуанышты хабарын жеткізді

Әншінің сөзінше, Астанаға көшуі де шығармашылыққа жаңа тыныс беру үшін жасалған қадам.

Фото: instagram.com/botakerim
Фото: instagram.com/botakerim

Қазақ эстрадасының танымал әншісі Ақбота Керімбекова алдағы жылы жеке шығармашылық кеш ұйымдастыруды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

– Келесі жылы Алланың қалауымен жасым 50-ге толады. Өнер адамдары мерейлі жасқа жеткенде халыққа есеп беру мақсатымен шығармашылық кеш жасайды. Менің де арманым – ел аралап, халықтың алғысын алу, – деді Ақбота Керімбекова.

Әншінің сөзінше, Астанаға көшуі де шығармашылыққа жаңа тыныс беру үшін жасалған қадам.

– Елордаға арнайы шығармашылықпен айналысу үшін келдім. Арман қойсаң, мақсат қойсаң, барлығы мүмкін. Мен үшін мүмкін емес нәрсе жоқ, – деді әнші ол Jibek Joly телеарнасындағы «Bugin Live» бағдарламасында.

Ақбота Керімбекова соңғы жылдары түрлі авторлармен шығармашылық серіктестік орнатып, бұрын жазылған әндерді жаңғыртып, концерттік бағдарламада қайта ұсынғанын айтты. Оның ішінде Индира Елубаевамен орындаған «Мүмкін емес» әні де бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары