18.11.2025, 16:40

«Дауысы шәңкілдеп»: Бейбіт Сейдуалиеваның тойда масқарасы шықты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

"Мұрнымен сөйлеп тұр ма"

Жақында ғана 50 жас мерейтойын тойлаған Тоқтар Серіктің тойында әйелі Бейбіт Сейдуалиева сөз сөйлеп, сынға ұшырады деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қуаныштарына ортақтасып, тойларына келген қонақтарға алғыс білдіріп және күйеуіне тілек айтқан Бейбіт Сейдуалиеваның даусы жұртты қорқытты.

"Тоқтар - халықтың адамы, осылай аман жүрсе берсін! Бұл біздің көптен күткен қуанышымыз. Аллаға шүкір, өнерде қол ұстасып келе жатырмыз" деген Бейбіт тілегінің артынан сазды сәлем жолдады.

Өкінішке қарай, әнші Бейбіттің әні мен даусы тыңдарманның жүрегіне жетпеген сияқты.

"Даусы бітіпті ғой", "даусынан шәңкілдеп", "мұрнымен сөйлеп тұр ма" дегенге саятын пікір жазған жұрт әншіні сынап тастады.