$ 522.19  606.42  6.47

«Асығыс сынамаңыздар»: Айдана Меденова тосын жаңалығын хабарлады (ВИДЕО)

Айта кетейік, Айдана Меденованы жұрт орамалын шешкелі жатыр деп шулаған еді.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

KeshYou тобының бұрынғы әншісі Айдана Меденова сахнаға оралатынын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші фанаттарынан қатты сын айтпауды сұрап, шығармашылыққа барынша көңіл бөлетінін жеткізді.

Айта кетейік, бұрын Айдана дін жолына бет бұрып, сахнадан бас тартқан.

"Мен сахнаға ораламын. Өзіме, әндеріме, шығармашылығыма ораламын. Өзіме келетін, өзіме ұнайтын форматта, мүмкін ұзату тойларда, мүмкін мемлекеттік концертте өнер көрсетермін. Ешкімге асығыс шешім қабылдамаңыздар, ешкімді асығыс сынамаңыздар", - деп жазды өнер иесі. 

Айта кетейік, Айдана Меденованы жұрт орамалын шешкелі жатыр деп шулаған еді. Сондай-ақ әншінің бұл шешімін де сынап тастады.

"Орамалмен мемлекеттік концертке кім кіргізеді?", "Ақшам азайды деші", "Ақшасы таусылған ғой, "Орамалыңды шешпе енді осы үшін", "Оранғандарға ақша беру тоқтады ма", "Ақша төлемей қойған ба, қызын да орап қойып еді", "Дұға қарын тойдырмайды", - деп жазды желі қолданушылары. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары