$ 525.28  607.85  6.47

Бүгін актер Болат Әбділмановтың туған күні (ВИДЕО)

«Құрмет» орденімен, «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.

65 жыл бұрын (1960) ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, актер Болат Мәзімбайұлы ӘБДІЛМАНОВ дүниеге келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Талдықорған облысы Ақсу ауданы Қаракөз кеңшарында туған. 1982 жылы Алматы мемлекеттік театр-көркем институтының актерлік факультетін бітірген, драмалық театрдың актері. 1982 жылдан Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік жасөспірімдер мен балалар театрының актері. 1992-2006 жылдары М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері. «Абай» (Абай), «Томирис» (Мард), «Айман-Шолпан» (Арыстан), «Тойдан қайтқан қазақтар» (Қошқарбай), «Геростратты ұмыту» (Тиссаферн), «Қамар сұлу» (Оспан) спектакльдерінде ойнаған. «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Ақын арманы» (Торайғыров), «Шәкәрімнің соңғы күні» (Қарасартов), «Заманай» (Есет), «Құланның ажалы» (Иемберген) кинофильмдерінде, «Шегіртке» (Дастанов) телесериалында, т. б. рөлдер орындаған. Театр қайраткерлері одағының мүшесі.

«Құрмет» орденімен, «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары