$ 525.28  607.85  6.47

«Күрделі ота жасалды»: Дина Төлепберген сынақтан көз ашпай жүргенін айтты (ВИДЕО)

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды. 

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Тележүргізуші Дина Төлепберген оқырмандарын алаңдатып қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды. 

"Сіздерге бір нәрсе айтқым келді.Тура бір аптадан соң, 15-қарашада Тайландта Oceanman жарысы өтеді. Мен 5 км ашық суда жүзбекке слот алғанмын. Ұшақ билеттері де бар. Тек жарысқа дайындық… ойлағандай болмады. Ұлымның қолы сынып, күрделі ота жасалды. Ауруханада екі апта жаттық. Жаттығу жайында қалды. Бірақ бәрібін де жарысқа бармаққа бекініп отырмын", деді ол. 

Сонымен қатар ол мұндай сынақтарға соңғы уақытта көп тап болып жүргенін айтып, оқырмандарынан кеңес сұрады.  

"Сорақысы сол, бұл бірінші рет болып тұрған жағдай емес. Ылғи осындай жарыс алдын бір сынаққа тап боламын, әйтеуір. Түсінбей жүрмін. Тағдырдың “тоқта” деген белгісі ме бұл? Әлде іштегі қорқынышымнан ба? Сіздер қалай ойлайсыздар? Сіздердің кеңестеріңіз маған қазір өте маңызды. Шынымен. Жауаптарыңызды күтемін", деп жазды тележүргізуші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары