11.11.2025, 12:40

«Ғашық болып қалдым»: Медеу Арынбаев жеке өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Әнші жеке өміріндегі жаңалығымен Jibek joly телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Танымал әнші, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Медеу Арынбаев жан жары Айгүл қайтыс болған соң, алғаш рет жеке өмірі туралы сыр шертті. Әнші жеке өміріндегі жаңалығымен Jibek joly телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бір көріп ғашық болдым, 20-дан асқанмын. 12 жыл отау құрдық, ұлды-қызды болдық. Дүние салғанына биыл 15 жыл. Өтіп жатқан уақыт.

Қаншама әндер шығып жатыр, адалдық. Мен де сол көрсеқызарлыққа салынбады дейсіздер ме? Қаншама жанға әуестенбеді дейсіздер ме? Бірақ болмады.

Айгүл дүние салғаннан кейін алғашқы 5 жылда ғашық та болып көрдім. Жолықпады емес, ондай жағдайлар болды. Бірақ Айгүлдей болмады, оны неліктен солай болғанын түсіндіре алмаймын», — деді әнші.