11.11.2025, 11:40

«Жігітті өзім тауып беремін»: Тұрсынбек Қабатов қыздарының болашағына алаңдайтынын айтты

Фото: tursynbek_kabatov_resmi парақшасынан

Әзілкеш әңгіме барысында бала тәрбиесі туралы сөз қозғады. 

Желіде Тұрсынбек Қабатовтың қыздарына қатысты айтқан сұхбаты тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әзілкеш әңгіме барысында бала тәрбиесі туралы сөз қозғады. 

"Қыздарымның құлағын әлі тескен жоқпыз. Үшеуінде де сырға жоқ. Мен айтамын: қазақта сырға салу деген бар, сол кезде құлағыңды тесіп сырға салып беремін. Бірінші сырғаны сол жақтағылар келіп тақсын. "Сырға салу" деген содан шыққан деп ойлаймын. Оқып жүрген кезде әр нәрсені құлақтарыңа іліп алып жүргендерің керек емес, деймін. Күйеуге шыққанннан кейін де үлгересіздер. Би кештеріне баруға мүлде рұқсат жоқ. Заманауи киініп ел қатарлы жүріңдер, оған қарсы емеспін", - деді ол.

Сонымен қатар Қабатов күйеу балаларын да өзі таңдайтынын айтты. 

"Үш қызымның құлағына жігітті өзім тауып беремін деп құйып жүрмін. Өйткені қыздар сол уақытта соқыр ғой. Қайта әлеуметтік желіде отырып алып жігіт іздемейді. Папам тауып береді деп жүреді. Қыздарым сіз таңдаған жігітке күйеуге шығамын дейді", - деп мәлімдеді әзілкеш.