$ 526.02  607.55  6.5

«Дене қызуы 40 градус болды»: Димаш Құдайберген денсаулығы нашарлағанына қарамастан концерт өткізген

"Концерт өтетін күні жағдайы нашарлап кетті".

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев ұлының денсаулығына қарамастан концерт өткізгенін мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қанат Айтбаевтың айтуынша ұлы дене қызуы 40 градус болғанына қарамастан концертін өткізуден бас тартпағанын айтты.

«Концерт өтетін күні жағдайы нашарлап кетті. Дене қызуы 40 градус болып тұрды. Концертті тоқтата алмаймыз, тым кеш. Сол күні сахнаның артында жедел жәрдем қызметкерлері кезекшілікте тұрды. Жиі-жиі ине салып тұрды. Осы бойынша қатты алаңдадық. Мұндай жағдайда концерт ең алдымен тыңдармандарына деген шексіз махаббаты арқылы ғана өткізілді. Мұндай жағдайда концерт өткізу өте қиын. Бірақ Димаш оны жасай алды», - деді Қанат Айтбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 91
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары