Бұл туралы ол желідегі парақшалардың бірінде жазды.
Танымал продюсер, Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова тоқалдықты заңдастырмақ болған Абзал Құспанға жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол желідегі парақшалардың бірінде жазды.
«Елдің бір-бірімен қырылғаны аз еді, енді отбасылары қырылсын бірінің етін бірі жеп деп отырған шығар. Ұл-қыздары үшін, мейлі күйеуі ішсін, ұрсын, ақша дұрыс таппасын қанша әйел азаматшалары көніп отыр, ал басқа әйел алуына өзі адал, өмірін отбасына арнаған әйелдер көне қоймайды.
Көнетіндер өзінің көңілдесі барлар не болмаса, сөзі өтпейтін момақай, күйеуімнен кетсем жұмыс жасай алмаймын, бала-шағамды баға алмай, күнімді көре алмай қаламын деп өзіне сенбейтін әйелдер мүмкін амалдарының жоғынан көнуі.
Не болмаса көңілдестердің заманы болады, өкіметте заң бар деп, беттері былқ етпей қарабет жүрексіз ер азаматтар, бала-шағасын тастап, ойнастарымен өмір сүреді емін-еркін. Жоғары жақтағылар қашып-пұшып әйелдерінен жасырын жүргендері қатты жандарына батып, заң шығарайық деп шешімге келген ау шамасы.
Қыздарының басына берсе тоқалдықты, не күйеулері үстінен қатын алып жатқаны, қалай болар екен. Тоқалды ақша бар бай алады, айлықпен қаншама жігіттер бар ауылда, бір әйел де ала алмай жүрген. Бізді қойшы, күйеулеріміз бір шүйкебас үшін кетпейтін жасқа да ақылға да жетті, ұрпағымыз не болады», — деп жазды ол.