Өнер иесінің айтуынша, Кәмшат өнер жолына қайта оралады, бірақ біршама уақыттан кейін ғана.
Танымал әнші, музыкалық продюсер Бағым Мұхитденова Тимур Балымбетовке берген сұхбатында көптен көрінбей кеткен әнші Кәмшат Жолдыбаеваның сахнаға қайта оралуы қаншалық мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесінің айтуынша, Кәмшат өнер жолына қайта оралады, бірақ біршама уақыттан кейін ғана.
“Мен Кәмшатпен жақында ғана сөйлестім. Оның менің концертімде өнер көрсеткенін өте қатты қалаған едім. Оған ұсыныс жасадым, бірақ ол қазір – ана. Ол “Мен сахнаға шыққым келеді, бірақ сәбиімді қалдыратын ешкім жоқ” деді. Оның сәбиі әлі кішкентай. Өзі секілді сұп-сұлу қызы бар. Біз негізі Кәмшатпен де, жалпы бәрімен байланыстамыз. Кәмшат үшін қазір осындай кезең болып тұр. Менің ойымша, ол бәрібір сахнаға оралады, оған тек уақыт керек”, – деп жауап берді продюсер.
Айта кетейік, бұған дейін өнерлі отбасы қызды болғанына қатысты ақпарат тарағанын жазған едік.
“Кәмшат 2-3 ай бұрын босанды. Ата-енесімен тұрады. Тіпті кішкентай қызының суреттерін жіберіп жатқандар бар. Дұрыс қой енді, отбасы болған соң Алланың қалауымен балалы болды, өз өмірлері.
Өздері қаласа, кейінірек бөпелерін де көрсетер. Олар тыныш өмірді қалады. Бақытты болсын!" – деп жазды Анна Данченко.