$ 530.47  613.75  6.56

«Жақ сүйегін сындырып ота жасатқан»: Ерке Есмахан сұлулық үшін қандай құрбандыққа барғанын ашық айтты

Кішкентайымда кішкентай қыз болғам, қазір жайқалған әйелге айналдым.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Әнші Ерке Есмахан Instagram парақшасында бетіне пластикалық операция жасатқаны жөніндегі пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ерке Есмахан сырт келбетіндегі өзгерістерге қарамастан ота жасатқанын жоққа шығарды. 

«Езіліп кеткен тема. Сол ғой, бәрі операцияларын ашық айтып көрсетеді қазір, мақтаныш етіп. Мен де жасасам айтар едім турасын. Біреуден қорқып немесе ұялып қалатын адам емеспін ғой мен. Тағы айтам, бетімді кесіп, тартып ештеңе жасамағам. Ешқандай сүйек сындырмағам. Бәрі өзімдікі. Жасағаның айдан анық көрініп тұр ғой дейтіндерге де жауап бере кетейін. Кішкентайымда кішкентай қыз болғам, қазір жайқалған әйелге айналдым. Сонымен сұлуымын. Ал пластик деп қоймайтындар ұйықтаңдар енді осы инфомен», - деді ол оқырман сауалына. 

Сондай-ақ әнші өзіне пластикалық операция жасатпағанын, сырт келбетінің табиғи екенін және бұл туралы ешқашан жасырмайтынын атап өтті.

Айта кетейік, Ләйлә Сұлтанқызы пластикалық ота жасайтын хирургтармен сұхбатында Ерке Есмаханның жақ сүйегін сындырып, бетіне хирургиялық жолмен түрлі ота жасатқанын мәлімдеген еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 11
Күлкілі 2
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары