01.11.2025, 06:30

«Ай сайын құрбандық шаламын»: Жанар Айжанованың қызы өзін қалай сақтандыратынын айтты

Коллаж: sn.kz

Айжұлдыз Адайбекованың бұл жауабы желі қолданушылары арасында жылы пікір тудырып, көпшілік рухани кеңес ретінде қабылдады.

Белгілі актриса және дизайнер Айжұлдыз Адайбекова Instagram парақшасында жазылушыларының сұрағына жауап беріп, көз тию мен қорқыныш тақырыбында пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Сторисінде Айжұлдызға бір қолданушы: «Көз тигенде көз қарасыңыз қандай, іштей қорқыныш болады» — деп сұрақ қойған.

Оған ол төмендегідей үн қатты. 

«Күніне тастамай Аят әл-Курси оқып, айына бір құрбандық шалып, күнде санаңмен медитация жасасаң, бәле де болмайды. Бәрінен қорқа берудің қажеті жоқ. Бір Құдайға сеніп, өзіңді тапсырғанды үйрену керек», — деді ол.

Айжұлдыз Адайбекованың бұл жауабы желі қолданушылары арасында жылы пікір тудырып, көпшілік рухани кеңес ретінде қабылдады.