31.10.2025, 16:20

«30 мың көзілдірік таратылады»: Қайрат Нұртас бұрын-соңды болмаған концерт бермек (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Өнер иесі Орталық стадионда жеке шығармашылық кешін өткізбек. 

Танымал әнші Қайрат Нұртастың концертіне қатысты полиция департаменті мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесі Орталық стадионда жеке шығармашылық кешін өткізбек. 

“Алматы полициясы Орталық стадионда өтетін Қайрат Нұртастың концерті кезінде қоғамдық тәртіп пен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Кептелістің алдын алу үшін Абай даңғылы – Байтұрсынұлы, Мұқанов және Сәтбаев көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі", – деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, эстрада жұлдызы келген көрерменнің бәріне көзілдірік беретінін айтты. 

“Әкемнің концертіне дайындалып жатырмыз. 30 мыңға жуық көзілдірік таратамыз. Бәріңзді күтеміз”, – деп жазды қызы Алау Нұртас.