Бұл қуанышты жаңалығымен Instagram парақшасында бөлісті.
Белгілі тележүргізуші, театр және кино актрисасы Жұлдыз Әбдукәрімова жаңа елге виза алғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 37 жастағы Қайрат Нұртастың жұбайы бұл қуанышты жаңалығымен Instagram парақшасында бөлісті.
«Білесіздер ме, бүгінгі күн неге ерекше? Себебі мен көптен бері ойлап жүрген елге есік ашатын визаны алдым», – деп жазды ол.
Көпшілік Жұлдыз АҚШ визасын алған шығар деп болжаған еді. Алайда оның АҚШ-қа 10 жылдық визасы бұрыннан бар екені белгілі болды.
«Негізі, сөз АҚШ-қа арналған 10 жылдық виза туралы. Бірақ мені ол жаққа кім апарады? Бұл жақын жер емес, мұхиттан асып, асқа құрлықта жалғыз қалай жүрмекпін?» – деп жазды Әбдукәрімова Stories-те.
Кейін ол өзінің Күншығыс елі Жапонияға жол тартқанын атап өтті.