$ 535.83  624.94  6.69

Дәурен Айдарқұлов үшінші әйелін құда түсіп, ұзатып алды

Балалары өсіп қалғанда ұят емес пе?!

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Танымал актер Дәурен Айдарқұлов үшінші әйелін ұзатып алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желіге актердің ұзату тойында жүрген видеосы тарады. Айта кетейік, кино жұлдызы жеке парақшасында сүйіншілеген еді. 

“Мен үйлендім. Аллаға шүкір! Әйелімнің есімі – Жұлдыз", – деп жазды ол.

Актердің бұрынғы жұбайы, актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова екі жасқа бақыт тіледі. 

“Бақытты болыңдар! Сендер үшін қуаныштымын", – деп жазды актриса. 

Желі қолданушылары актердің жеке өмірін қызу талқылап жатыр. 

“Ес білгелі үйленіп жүр”, “Балалары өсіп қалғанда ұят емес пе?!”, “Біз етікті бұлай тез ауыстырмайтын шығармыз”, “Несіне мәз болады”, “Қандай сұлу қызды алып жатыр?!”, “Екі әйелді бақытты ете алмаған адам үшіншісін де қатырады деп ойламаймыз”, – деп жазды көпшілік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 24
Күлкілі 7
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары