25.10.2025, 18:30

Баян Алагөзова сіңілісінің қуанышты жаңалығымен бөлісті

Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Біз жасағанның бәрін – бірге жасадық!

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы әріптесі және туған сіңілісі Бағым Мұхитденованы музыкалық продюсерлер арасындағы №1 маман деп атап, оны алған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері марапатымен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Елдегі №1 музыкалық продюсер! Лайықты атағыңмен құттықтаймын! Әкеміз, сірә, екеуміз үшін де көкте қуанып жатқан болар?! Біз жасағанның бәрін – бірге жасадық!», – деп жазды Баян Мақсатқызы Instagram парақшасында.

 

Продюсердің бұл жазбасы әлеуметтік желі қолданушыларының жылы пікіріне ие болды. Көпшілік екі продюсердің шығармашылық серіктестігі мен отандық эстрадаға қосқан үлесін ерекше атап өтті.