Ол Instagram парақшасында арнайы жазба арнаған.
Танымал әнші Димаш Құдайберген Генадий Головкиннің World Boxing федерациясының президенті лауазымына өз кандидатурасын ұсынғандығына байланысты өз қолдауын білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол Instagram парақшасында арнайы жазба арнаған
"Біздің даңқты жерлесіміз Геннадий Головкин бүгін халықаралық World Boxing федерациясының президенті лауазымына өз кандидатурасын ұсынатынын бөлісті. Мен әрдайым оның мақсаткерлігіне, рухының мықтылығына және елімізге деген адалдығына тәнтімін. Көп жылдар бойы ол Қазақстанның беделін әлемдік аренада асқақтатты, енді бокстың жаһандық имиджін нығайту жолында еңбек етпек.
Чемпионымызды қолдайық!", - деп жазды ол.