"Қатты күле аламын, кейбір ақылсыз нәрселерді қатты айта аламын".
Баян Алагөзова әнші Айқынның туған күнінде неге мас адам сияқты билегенін түсіндірді. Ол журналист Әсел Қожақоваға берген сұхбатында, өзінің қаншалықты еркін адам екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Мен кейде кез келген әйел істей бермейтін дүниелерді жасаймын. Иә, кейде ашық купальник киіп, суретке түсемін. Қатты күле аламын, кейбір ақылсыз нәрселерді қатты айта аламын. Бірақ, кейде ол әрекеттерімді жұрт басқаша түсінеді», - дейді Баян Алагөзова.
Мысал ретінде ол осыдан бірнеше жыл бұрын әнші Айқынның туған күнінде жүлде алу үшін мас адам сияқты билегенін айтты.
«Бір рет Айқынның туған күніне бардық. Қазір тойларда биші-әртістердің қимылын кім жақсы қайталаса, сол жүлде алатын тренд бар ғой. Маған мас әйелдің рөлі бұйырды. Мен бірінші ол бишінің бүкіл әрекетін көзіммен сүзіп алдым да соны қайталадым. Өйткені, театр институтында бұның бәрін үйретеді. Мен әртіспін ғой, сондықтан, мас әйел сияқты билеу қиын болған жоқ. Сондықтан, биледім. Ал оның видеосы бүкіл елге таралып кетті. Бәрі «Баян ішіп алыпты, Баян мас» деп таратты. Бірақ, мен ол кезде ақталғым келген жоқ, болмаған нәрсеге немене деп ақталамын? Ең бастысы, Құдай олай болмағанын білді», - дейді актриса.