21.10.2025, 02:30

Актер Асылхан Төлеповтің қарындасы өзге ұлтқа тұрмысқа шыққаны белгілі болды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

"Қытайға тиіп жатыр ма, кәріске ме?".

Әлеуметтік желіде актер Асылхан Төлеповтің қарындасының ұзатылуынан үзінді тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Видеодан оның қарындасының өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығып, солардың салты бойынша ұлттық киім киіп, иіліп сәлем салып жатқанын көруге болады. Желі қолданушыларының пікірінше, бұл арудың екінші рет тұрмысқа шығуы. Кейбірі оның кәріс ұлтының өкіліне тұрмысқа шыққанын айтса, енді бірі қытай немесе вьетнам дәстүрін байқағанын жазған.

«Не болса да, бақытты болсын», «Бұл қыз бұрын тұрмыс құрған, кейін ажырасқан еді ғой», «Қытайға тиіп жатыр ма, кәріске ме?» – деген пікірлер жазғандар болды.