Бұл туралы ол threads парақшасында жазды.
Әнші Ғазизхан Шекербеков концерт алдындағы қорқынышын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол threads парақшасында жазды.
"Бір қорқыныш, уайымым бар. Менде қазанның 26-нан бастап гастроль ғой. Ешкім сұраныс жасамаса да қай ойымызбен қосқанымызды білмеймін, әйтеуір 4 қараша Павлодар қаласына барамыз. “Павлодарға қашан келесіз?" деп ешкім жазбаған осы уақытқа дейін... Адам жинала ма екен?14 адам (музыканттар) билетіміз алынып қойған, не болса да бара жатырмыз. Сол жақта таныстарыңыз болса айтыңыздаршы келсін. Сол Павлодар мен Қарағанды осы екі қаладан сәл қорқып тұрғаным бар", - деді әнші кешінің алдында қобалжып.