Айсұлу, Айсұлтан.
Белгілі әнші, актриса Айгүл Иманбаева немересі дүниеге келгенін айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Сүйінші, достар! Екі немеренің әжесі болдым. Айсұлу, Айсұлтан. Жаратқанға сансыз мадақ! Айсұлтан Асылжанұлы", деп жазды өнер иесі.
Көпшілік өнер иесінің қуанышына тілектерін айтып, құттықтады.
"Екі дүркін әже, немереңіздің бауы берік болсын!", "Менің жаным Айекем екі дүркін әже болып жатыр, балапанның жасы ұзақ, бақытты болсын!", "Үлкен азамат болып өссін", "Қазақтың қызы, Американың келіні екі дүркін әже болып жатыр. Құтты болсын, Айгүл ханым", деп жазды көпшілік.