08.10.2025, 06:30

«Дүниедегі оңбаған мен шығармын»: Бағлан Әбдірайымов әке-шешесіне көлік алып, үй салып бермегеніне өкінетінін айтты (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/baglanabdraimovofficial.kz

Кейде тым кеш ойланып қалатыным бар

Танымал әнші, «Жігіттер» квартетінің мүшесі Бағлан Әбдірайымов сахнада ұзақ жыл жүргенімен, ата-анасына тиісті жағдай жасай алмағанына өкініш білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Әнші бұл ойын жақында жарияланған сұхбатында ашық айтты:

“Сахнада жүргеніме көп жыл болды. Бірақ сол жылдар ішінде ата-анамның алдында өзімді толық ақтай алмадым. Кейде тым кеш ойланып қалатыным бар. Жақсылықты дер кезінде жасау керек екен”, – деді Бағлан.

Бұл шынайы мойындау желі қолданушыларының қолдауына ие болды. Көпшілік оны «ер адамға тән батылдық» деп бағалап, “Есеп бере білу – үлкен ерлік”, “Шынайылық үшін құрмет”, – деген пікірлер қалдырған.