07.10.2025, 13:40

«Не істерін білмей жүрген байдың баласы»: блогер Абилованың күйеуін жанкүйерлері аямай сынап тастады

Фото: коллаж Sn.kz

Димаш Қашкен – елге танымал блогер әрі инфлюенсер Мерей Әбілованың күйеуі.

Танымал блогер Мерей Әбілованың жұбайы, футболшы Димаш Қашкен жанкүйерлердің сынына ұшырады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

5 қазан күні өткен Қазақстан чемпионаты аясындағы “Қайрат” пен “Жетісу” командалары арасындағы ойында талдықорғандық клубтың сапында алаңға шыққан Қашкеннің ойыны көпшілікке ұнамаған.

Жанкүйерлер әлеуметтік желілерде түрлі пікір қалдырып, футболшының шеберлігіне күмән келтірген.

«Ағаш сияқты, не үшін доп теуіп жүр?», «Мерейдің абыройын түсірмей, үйде отырсаңшы», «Цирк!», «Байдың баласы ғой» деген секілді жазбалар футболшының Instagram парақшасында көбейіп кеткен.

Алайда көп ұзамай спортшы бұл пікірлерді өз парақшасынан өшіріп тастаған.

Айта кетейік, Димаш Қашкен – елге танымал блогер әрі инфлюенсер Мерей Әбілованың күйеуі.