07.10.2025, 10:40

«Сәби кімнен, әкемнен бе?»: Жұлдыз Әбдікәрімова жүкті кезіндегі қызықтармен бөлісті (ВИДЕО)

Жұлдыз Әбдікәрімова бұл жайтқа қатысты пікір білдіріп, қызының абдырап қалғанын айтты.

Бесінші рет ана атанған актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде қызы Алауға жүктлігі туралы қалай хабарлағанын көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Видеодан Алау Қайратқызы анасының жүктілігіне қатты таңғалғанын байқауға болады.

"Аяғыңыз ауыр ма? Шынымен бе? Кімнен? Әкемнен бе?", - деді Қайрат Нұртастың қызы.

Жұлдыз Әбдікәрімова бұл жайтқа қатысты пікір білдіріп, қызының абдырап қалғанын айтты.

"Қызымның қобалжығаны сонша, абдырап, неше түрлі сұрақ қойды ғой. Бала тілі бал", - деп жазды актриса.