$ 545.67  636.41  6.57

«Көрермен сиреп кетті»: Уәлибек Әбдірайымов «Шаншар» театры жабылуға таяу екенін айтты (ВИДЕО)

"Ешқандай көрерменге де ешкімге ренішіміз жоқ".

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Белгілі әзілкеш әрі актер, «Шаншар» театрының директоры Уәлибек Әбдірайымов AIRAN бағдарламасына берген сұхбатында бірнеше жылдық тарихы бар театрының жабылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Театр басшысының сөзінше, "Шаншардың" жабылмауына көрерменнің ыстық ықыласы себеп болған. 

«Ия, егер жастар келмесе. Менің кешегі отыз жылдықта айтқан әңгімем біз жиырма жылдықта қояйық деп ойлағанбыз. Жиырма бесжылдықты да өткіздік. Ширек ғасырды атайық, сосын қоямыз-ау дедік. Отыз жылдыққа да келдік. Сонда менің сахнада айтқан сөзім: Қояйық деп жүрміз, бірақ мына сіздер қойдыра алмай жатырсыздар. Мына келгендеріңіз үшін қоя алмай жатырмыз. Ал енді ол сиреп кетсе неге қоймайсың? Қоясың ғой. Біздің ешқандай ренішіміз жоқ. Ешқандай көрерменге де ешкімге ренішіміз жоқ. Ал енді мен кейде ойлаймын, өзің сияқты білікті мамандар айтады: Қазақ өнерінде «Тамаша» секілді тарихта қалатын болдыңыздар деп. Ұмыт қалуымыз да мүмкін», - деді Уәлибек Әбдірайымов.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары