$ 545.67  636.41  6.57

«Өзіне құйып құйғандай жараса кетті»: Мақпал Жүнісова Мадина Сәдуақасованың анасына ерекше сый жасады

Алланың берері көп болып, ғасыр тойын тойлаңыздар!

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова әнші сіңлісі Мадина Сәдуақасованың анасына ерекше сыйлық жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Мадина сіңілім анасының 70 жасын жасап, соны тойлап қайттық. Ата-анасы бар адам ең бақытты бай адам. Алланың берері көп болып, ғасыр тойын тойлаңыздар!”, – деп жазды халық әртісі. 

Одан кейін мерейтойға қандай сыйлық әкелгенін де жасырмады. 

“Ақ шапан әкелгенім дұрыс болыпты. Өзіңізге жараса кетті. Тастамай киіп жүріңіз. 200 мың теңгені Мадинаға бердім. Ұнатқан сақинаңызды сатып аларсыз”, – деді Мақпал Жүнісова. 

Сондай-ақ тойдан өзі де құр қол қайтпағанын көрсетті. 

“Мадина сіңлім анасының тойынан маған сөмке сыйлады. Осындай етігім бар еді. Жақсы болды, ұстап жүретін боламын”, – деп қуанышын жасырмады өнер иесі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары