06.10.2025, 13:00

«Қарның шермиіп саған не жоқ»: Абай Бегейдің айы-күні жетіп отырған қызы жұрттан сөз естіді (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/symbatabaikyzy

Сымбат Абайқызы «Қайрат» пен «Реалдың» матчына сондай-ақ, кешегі «Қайрат» «Жетісу» ойындарынан стадионнан тамашалаған.

Абай Бегейдің 16 жасында тұрмыс құрып, босанайын деп отырған қызы соңғы уақытта футбол матчтарына қалмай барып жүргенін желіге жүктеп, мақтануда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сымбат Абайқызы «Қайрат» пен «Реалдың» матчына сондай-ақ, кешегі «Қайрат» «Жетісу» ойындарынан стадионнан тамашалаған.

Ымбаппе мен Билингемға кімнің атынан сәлем айтайын?» деп жазба жариялаған Сымбат Абайқызы Алматының орталық стадионында түскен суретін жариялады.

Әйтсе де, кей оқырманына Сымбаттың бұл әрекеті ұнамай қалды. «Қарның шермиіп не істеп жүрсің онда?», «жүкті әйелге футболға барып не керек?», «саған не жоқ?», «үйде отырып та көруге болады ғой» дескен жұрт Сымбатқа сөйлеп тастады.