06.10.2025, 12:20

«Бала таппаған еркекке үй тастап, 5 млн берген Дариға мәрт екен» – Роза коуч Бадықова туралы

Коллаж: sn.kz

Бұл туралы ол Instagram-дағы stories-де жазды

Коуч Роза Әшірбаева Дариға Бадықова мен оның бұрынғы күйеуі жайлы пікір білдірді. Бұл туралы ол Instagram-дағы stories-де жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

”Дариға мәрт екен. Қазақстанда еркектердің өз балаларына төлемеген алимент сомасы 22 млрд теңге. Дариға бала таппаған еркекке үй тастап, 5 млн берсе жомарттың шыңы емес пе?”, — деп жазды коуч.

Естеріңізге сала кетейік, Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мусаев сұхбат беріп, әйелінің фильмнен кейін миллиард жинағасын қатты өзгергенін айтқан еді.