04.10.2025, 13:30

«45 млн тақалып тұр»: Нұрлан Еспановтың ұлы қарызға белшесінен батқанын айтты (ВИДЕО)

Фото: espanov_olzhas инстаграм парақшасынан

Олжас Еспановтың сөзінше, ол алаяқтардың құрбаны болған. 

Әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов қомақты суммаға қарызға кіргенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Олжас Еспановтың сөзінше, ол алаяқтардың құрбаны болған. 

45 млн кредит, 2 жылға созылған уақыт... Менде бәрі идеально емес, бәрінің басында проблема бар. Мүңайып, қайғырып, түңіліп болғанмын. Адамды білмей, танымай, арласпай адамды сөгуге болмайды негізі. Бұл да бір сынақ деп ойлаймын алаяқтыққа ұрынып 45 млға қадалу. 2 жыл осы кредитпен әлек болып жүрмін. Бармаған жер, баспаған тау қалмады. Өкіметтік органдар ешкім жұмыс істегісі келмейді. Банктегілер бізді қораға тыққысы келеді жоқ машинаның кредитін төлеңдер деп. Вообщем айта берсең кино, сериал, дорама ғой. Кредит менің мойнымда, 45 млн тақалып тұр, деді ол.

Сондай-ақ Олжас Еспанов қарыздан қалай құтылатынын бөлісетінін айтып, ұсыныстарға ашық екенін жеткізді.