"Екі апта ауруханада жаттым".
Атышулы блогер Айжан Байзакова үшінші рет ана атанатынын Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Айжанның айтуынша, ол маусым айында Мальдивтен келген соң жүкті екенін білген. «Шок болдым, өйткені үш жыл демалуды жоспарлап жүргенбіз», – дейді ол.
Блогер жүктіліктің алғашқы айлары ауыр өткенін, қатты токсикоз болып, түсік қаупі болғанын жасырмады.
«Екі апта ауруханада жаттым. Ұшулар мен іс-шаралардан бас тартуға тура келді. Тек жылаумен болдым, ал Нұрбек жанымда болып, көңілімді көтеруге тырысты», – деп бөлісті Байзакова.
Қазір жүктіліктің 20 аптасы өтті. Блогердің айтуынша, алдағы сенбіде гендер-пати өтеді. Ал босанатын жерін әлі таңдамаған.