02.10.2025, 04:30

«Қыздарымыз басқа ұлтқа шықса, қуанамын»: Жазира Байырбекованың сөзі жұрттың ашуына тиді (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

"Ақша берсе болды бұған".

Танымал әнші Жазира Байырбекова бір тойда сөйлеген сөзінен кейін сынға қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Бұрын қазақтың қызы өзге ұлтқа тұрмысқа шықса, қатты қынжылатынмын. Ал қазір көзқарасым өзгерді. Қыздарымыздың бақытын бірінші орынға қоямын. Егер бақытты болса, басқа ұлтқа шыққанына да қуана қараймын", – деді әнші.

Алайда көпшілік бұл пікірді қолдай қойған жоқ.

 "Ақша төлесе болды бұған", "бұлай айтуға болмайды", "дұрыс сөз емес", "бұл ашық насихаттау ма" деген сыни пікір қалдырды.