01.10.2025, 17:20

«Жеңбесе де, сыйлаңызшы»: Мөлдір Әуелбекова кәсіпкер Тұрсен Алагөзовке үндеу жасады

Фото: коллаж Sn.kz

Қайратымыз бізге жеңіс сыйламаса да көліктеріңізді сыйға бере беріңізші!

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова кәсіпкер Тұрсен Алагөзовке үндеу жасап, ой тастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айта кетейік, кәсіпкер Алагөзов "Қайрат" футболшыларына "Реалды" жеңсе, бір-бір көлік сыйлайтынына уәде берген еді. 

“Тұрсен ағай! Қайратымыз бізге жеңіс сыйламаса да көліктеріңізді сыйға бере беріңізші! Олар қолдан келгенше, бар күш жігерін жұмсады! Шын тырысты! Бір қуанып қалсыншы”, – деп жазды әнші.

Одан кейін стадионда тыныш отырған жанкүйерлердің іс-әрекетін сынады. 

“Түнімен бір сұрақ мазалады: Неге стадион тыныш, үнсіз отырды? Әлі жанкүйер болуды білмейтін болып тұрмыз ғой. Қоңыр киім киіп, телефонға түсіруді қатырдық. Бірең-сараң ғана сары түс болды. Ту туралы айтпай ақ та қояйық. Біз ұтылдық. Бұл – біздің айна. Қай деңгейдеміз, қай жаққа өсу керек екеніміздің көрсеткіші. 1902 жылдан бергі Реалдың кәсібилігіне төтеп берген жап жас “Қайрат” мықты! Болашақ жарқын! Боранбаев Қайрат Советайұлына алғыс!”, – деп жазды өнер иесі.