28.09.2025, 19:30

«Басқа ат құрып қалды ма?»: Трансгендер Амилай есімін өзгертпекші (ВИДЕО)

Фото: @amilai.kazashka/Instagram

"Ат деген инстаграмдағы ник емес қой".

Қазақстандық трансгендер Амилай әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілікті талқыға салған жазба қалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол: «Атымды Дариға деп өзгертсем, қалай болады?» – деп сұрақ қойды.

Бұл жазба әсіресе «Дариға» есімді оқырмандардың ашуын туғызды.

"Басқа ат құрып қалғандай неге Дариға?", "Қазақта ат жетпей қалған ба?", "Ат деген инстаграмдағы ник емес қой, қалаған күні ауыстыра салатын" – деп пікір жазғандар аз болмады.

Амилайдың бұл бастамасы әлеуметтік желі қолданушыларын қыран-топан қылып, қызу талқыға айналды.