28.09.2025, 06:30

«Ішкен-жегенін айтады»: Қарақат Әбілдина мектепте жайылған дастарханды көрсетіп сынға қалды (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Ол балалары оқитын мектепте ата-аналарға әр жиналыс сайын мол дастархан жайылатынын айтқан. 

Ата-аналар жиналысына барған Қарақат Әбілдина сынға қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол балалары оқитын мектепте ата-аналарға әр жиналыс сайын мол дастархан жайылатынын айтқан. 

"Ата-аналар жиналысына келдім. "Нұрорда" мектебінің асханасы дайындаған дәм. Кезекті ата-аналар жиналысы. Тек осы мектепте осындай ма әлде барлық мектепте осындай ма? Маған мектебіміздің осындай қарым-қатынасы, дәмі ұнайды. Әрқашан дастархан осылай жаюлы", деді ол. 

Желі қолданушылары әншінің бұл сөздерін сынап, түрлі пікір жазды. 

"Мектеп - мектеп болуы керек. Бұл - дарақылық. Байлар ішкен-жегенін айта беретін болды", "Жаман жегенін көрсетеді", "Бай мен кедей деген заман болды", "Ақылы мектеп шығар", "Қарапайым мектепте мұндайға рұқсат жоқ", деді олар.