$ 544.26  634.72  6.52

«Пластикалық отаның нәтижесі»: Баян Алагөзованың мінсіз мүсіні қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Белгілі тележүргізуші, актриса және продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желіде купальникпен түскен суреттерін жариялап, қызу пікірталас тудырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

51 жастағы продюсер демалыстан бірнеше фотосурет жүктеп, астына: «Сама для себя идеал, сама для себя богиня» деп жазған.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бір бөлігі Баян Алагөзованың сымбатына тамсанып, жылы пікір қалдырса, енді бірі суреттердің табиғилығына күмән келтірді.

«Супер фигура. Керемет көрінесіз», «Операция жасатқаны көрініп тұр», «Жас қыздар да қызығарлықтай», «Фигура сіздікі емес сияқты. Дженнифер Лопес келгеннен кейін ғана ашық суреттер жариялап жүрсіз», «Қандай әдемі! Қызғанбаймын, тамаша көрініс», деп жазды көпшілік.

Көпшілік продюсердің жасына қарамастан мүсінін сақтап қалғанына таңданысын білдірсе, енді бір бөлігі фотолардың шынайылығына күмән келтірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары