Еліміздің қонақжайлылығы туралы сөздері тоқтар емес.
Әлемге әйгілі Backstreet Boys тобы Қазақстандағы концерттерін әлі ұмытқан жоқ. Музыканттар қазақ тыңдармандарының ыстық ықыласын ерекше атап өтіп, алғыстарын жаудырып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Топтың мүшесі Брайан Литтрелл Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазба жариялап, қазақстандық жанкүйерлерге ризашылығын білдірді.
«Қазақстанда өткен уақыт ғажайып болды. Бізді өте жылы қабылдады. Сапардан бірнеше сурет қостым... Әлемнің түкпір-түкпірінде бізді жақсы көретін тыңдармандарымыздың көп болғанына шексіз ризамыз. Музыка – бәрімізді біріктіретін жарық. Біздің атымыздан ағаш отырғызды... керемет әсер. Қандай тамаша естеліктер... Біз сіздерді жақсы көреміз», – деп жазды әнші.
Еске салсақ, Backstreet Boys жуырда Қазақстанда концерт өткізген еді.