Айтуынша, көпшілік оны Заттыбекке ұқсататын көрінеді.
Композитор Арысбек Бағдәулетұлы видео жариялап, белгілі әнші Заттыбек Көпбосынов екеуін не байланыстыратынын айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Айтуынша, көпшілік оны Заттыбекке ұқсататын көрінеді.
«Бүгін мен бір шындықтың бетін ашайын деп тұрмын. Негізі Заттыбек менің әкем. Ол кісіден маған көп нәрсе жұққан. Түрімнен бөлек, ол кісінің өнері, композиторлығы берілген. Егер сіздерге хит ән, ерекше ән керек болса, хабарласыңыздар. Әкесін танытып тұрып жазып беремін. Айтпақшы, Заттыбек ағам өмірдегі емес, өнердегі әкем. Әкелеріңізді ұмытпаңыздар», - деді Арысбек Бағдәулетұлы.