26.09.2025, 18:40

«Тәлпіш, шегіп алған ба?»: Қайрат Нұртас ағылшынша сөйлеймін деп күлкіге қалды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

"Мен нөмір бірінші. Окей?"

Белгілі әнші Қайрат Нұртас әлеуметтік желіде түсірілімнің бэкстейджінен видео жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қысқа роликте әнші ағылшынша сөйлеуге тырысты.

«Мен ең мықты әншімін. Мен нөмір бірінші. Окей? Бұл – қиын жұмыс», – деді Қайрат Нұртас.

Алайда оның сөздері бірден пікірлерде қалжыңға айналды. Желі қолданушылары әншінің ағылшын тіліндегі айтылымын әзілге қосты.

«Жаст май Юнивөрс, өрс өрс», «Ағылшынша сөйлеп тұр, бірақ қазақша күледі», «Нөу мө», «Сен әнші емессің, орындаушысың, бұл екі түрлі нәрсе», «Тәлпіш, шегіп алған ба», – деп жазды жанкүйерлері.