Қазіргі кезде тергеу жалғасып жатыр.
Танымал рэпер Qarakesek-тің есірткімен ұсталғаны рас болып шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазіргі кезде тергеу жалғасып жатыр. Qarakesek лақап атымен танымал Омар Амантаев ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілді.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті әкімшілік іспен қатар қылмыстық істі де қозғаған. Қыркүйек айының басында мас күйінде «Kia Rio» көлігін жүргізген рэп орындаушысы енді Қылмыстық кодекстің «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бабы бойынша жауапқа тартылуы мүмкін.
Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір Qarakesek ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандықта жүр. Егер іс сотқа жетіп, оның кінәсі дәлелденсе 160 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады немесе 160 сағатқа дейінгі мерзімге түзету жұмыстарына тартылады. Қылмыстық іс бойынша 40 тәулікке қамаққа алынуы да мүмкін.