$ 541.68  636.26  6.48

Мөлдір Мұқан 12 жасар ұлына «Қайрат - Реал Мадрид» ойынының VIP-билетін сыйлады (ВИДЕО)

Мөлдір Мұқан қыздарымен бірге ұлын оятып, құттықтады. 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Продюсер Мөлдір Мұқан 12 жасар ұлының туған күніне “Қайрат - Реал Мадрид” ойынына vip билет сыйлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан туған күн иесінің әлі ұйықтап жатқанын көруге болады. Мөлдір Мұқан қыздарымен бірге ұлын оятып, түрлі сыйлықтар берді. Бірақ оның ең бастысы «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы тарихи матчқа VIP-билет болып шықты.

Нұриманның мұндайды күтпегені анық: жасөспірім сезімін тежей алмай, қуаныштан көзіне жас алды.

Еске салайық, «Қайрат» пен «Реалдың» Чемпиондар лигасы аясындағы тарихи кездесуі 30 қыркүйек күні Алматының Орталық стадионында өтеді.

Билет құны трибуналарға байланысты:

Солтүстік және оңтүстік трибуналар — 75 мың теңге

шығыс трибунасы — 150 мың теңге

Батыс трибуна — 250 мың теңге

батыс трибуна (1-9 секторлар, 1-2 қатарлар) — 300 мың теңге

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары