Айта кетейік, танымал телесериал "Келінжанның" жаңа маусымы көрермендеріне жол тартты.
Танымал продюсер Гүлнұр Мамасарипова оқырмандарына ішіндегісін ақтарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сөзінше, продюсер әр фильмі шығар алдында қатты қобалжиды.
"Қорқа-қорқа батыр болатын" кез келді ғой. Бірақ әлі батыр бола алмай келе жатырмын. Әр фильмнің алдында жанымды шүберкке түйіп аламын. Үміт пен күдік итжығыс түседі де тұрады... Кешегі бокстағыдай кейбір сезімдерді "нокаутқа" жібере алсаң ғой, шіркін. Төрехан сияқты сындыра салатын қауқар жоқ, жастықтың өзі ғажап қой. Есейген сайын бәрі күрделі бола беретінін білесіздер ме?... Кейде жылағым келеді. Бірақ өзіме әлсіз болуға рұқсат бере алмаймын. Ол бір психологиялық блок емес. Өзім сондаймын, жұртқа жарқын жүзімді ғана көрсеткім келеді. Арасында мұңаятыным бар, айыпқа бұйырмаңыздар", - деп жазды Мамасарипова.
Айта кетейік, танымал телесериал "Келінжанның" жаңа маусымы көрермендеріне жол тартты.